Осыған дейін облыс орталығындағы І және ІІ мөлтек аудандарында 75, ал «Отырар» мөлтек ауданында 49 және Әкімшілік-іскерлік орталығында 98, жалпы көпқабатты 222 тұрғын үй орталық жылу қуатымен қамтылған. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков аталған мәселе аясында пысықтау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Turkistan Today.
Қала бойынша жылу мекемесі орталық қазандық, «Отырар» мөлтек ауданында, Рухани-мәдени орталық және Әкімшілік-іскерлік орталықтарында 14 модульді қазандық блоктарымен жұмыс істейді. Сондай-ақ 2023–2024 жылғы жылу беру маусымына қосымша тағы 3 модульді қазандық блоктары іске қосылады деп күтілуде.
Айта өтсек, жылу беру маусымында кәсіпорындар толықтай табиғи газ отын түрін пайдаланады. Осы бағытта табиғи газбен қамтылған «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісімшарт түзілген. Аталған жұмыстарға қатысты мекеме басшысы Ергазы Рысбеков пікір білдіріп, орталық жылу трассасының жылыту маусымына толықтай дайын екенін жеткізді.
Осы тұста қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков «Мүлік иелерінің бірлестігі» (МИБ) және «Жай серіктестік» (ЖС) төрағаларына көпқабатты тұрғын үй кешендеріндегі ішкі жылу құбырларын маусымға дайындау жөнінде тапсырмалар берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.