Түркістан облысына 5 жыл толуына орай «5 жылдыққа – бес әдеби сапар» рухани - мәдени шарасы өтеді

Түркістан облысына 5 жыл толуына орай  «5 жылдыққа – бес әдеби сапар» рухани - мәдени шарасы өтеді

Өтетін орны: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
Өтетін күні: 25.05.2023 жыл, сағат 11:00


Түркістан облысы 2018 жылы 19 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының атауын өзгерту нәтижесінде пайда болды. Ғасырлар бойы түркі дүниесінің саяси және рухани өмірінің өзегі болған Түркістан қаласы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес облыс орталығы болып бекіді.

Биыл- Түркістан облысына 5 жыл. Осы орайда облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар»атты рухани, мәдени іс-шара ұйымдастыруда.  Мақсаты -Түркістан облысының руханият, әдебиет және мәдениет саласында болып жатқан жаңалықтарымен бөлісу, деп хабарлайды Turkistan Today.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібайдың бастауымен жолға қойылған «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясына кітап қорын қалыптастыру. Акцияоблысымыздағы ауыл кітапханаларының қорын байытуды мақсат етеді.

Сапарда өлкетану бағыты бойынша кітап көрмесі, көрме инсталляциялар, концерттік бағдарлама, зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырылады.

Мәдени шараға  Түркістан облысының әкімі - Дархан Сатыбалды, облыс әкімінің орынбасары - Бейсенбай Дәулетұлы, облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы - Әзімхан Серікұлы, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы - Әкім Ысқақ, Ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты - Қазбек Иса, ҚР Парламенті Сенатының депутаты - Әли Бектаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің комитет мүшелері -Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Ақын- Тұрмағанбет Кенжебаев, Жазушы - Жүніс Сахиев, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облысы филиалының төрағасы - Айдар Сейдазым, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова,айтыскер ақын - Еркебұлан Қайназаров, Ақын -Батырхан Сәрсенхан келеді деп күтілуде.  Әдеби және ғылыми ортаның өкілдері, өнерпаздар, кітапханашылар делегация құрамында болады.

Байланыс ақпараттары:

Қазақстан Республикасы,  Астана қаласы,  Достық көшесі, 11.

e-mail: uak_2022@mail.ru   тел: +7 778 565 30 13

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0