Түркістан облысында 13 мыңнан астам шетелдік автокөлік қазақстандық нөмір алды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 5 желтоқсан, 2023

Бүгінгі таңда шетелдік автомобильдерді заңдастыру акциясын өткізу аясында, Түркістан облысы бойынша 19 мыңнан астам шетелдік автокөлік иесінен өтініш келіп түсті. Тексеруден өткен 13027 шетелдік көлік ҚР мемлекеттік нөмірін алды, деп хабарлайды Turkistan Today.


Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері акцияның біржолғы екенін айта отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылғы 1 шілдеге дейін берілген өтінімдер 2023 жылғы 30 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын ескертеді.
Естеріңізге сала кетейік, автокөлікті заңдастыруға өтінімдерді электрондық е-gov.kz үкімет порталы мен Түркістан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.


Полицейлер азаматтарды автокөлікті заңдастыруды кейінге қалдырмауға, берілген мүмкіндікті пайдалануға және өз көлік құралдарын тіркеуге шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

901

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.