Бұл туралы брифингте Түркістан облысының Әділет департамент басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, департамент өткен жылы азаматтарға 3 025 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Ал заңды тұлғаларға облыс көлемінде 1 542 мемлекеттік қызмет көрсетілген, деп хабарлайды Turkistan Today.
«Департамент құзыретіндегі қызметтің бірі - алимент өндіру. 2023 жылы аталған салада 27 270 атқарушылық құжат болса, оның 4 447-і былтыр толық орындалды. Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының ұсынысы бойынша 3 айдан астам берешегі бар 81 борышкер жұмысқа орналасты. Борышкерлердің мүлкін тәркілеу бойынша 302 құжат рәсімделді. Сондай-ақ, заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу бойынша да 26 іс толық іске асты. Ал жалақыдан өндіру бойынша 17 құжат қаралып, 9 380 056 теңге өндірілді. 2023 жылы мемлекеттік сот орындаушыларымен мемлекет пайдасына 39 666 307 теңгеге атқарушылық санкция өндірілген»,- деді департамент басшысы.
Бұдан бөлек, департамент нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына және нотариаттық іс жүргізу ережелерінің сақталуына 43 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 1 нотариустың лицензиясы уақытша тоқтатылып, 1 нотариус лицензиясынан толық айрылған. Сондай-ақ, 17 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Одан бөлек, департамент тарапынан 1 адвокаттың лицензиясы тоқтатылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.