Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясы өткізіліпті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 17 шілде, 2024

2024 жылғы 17 шілдеде сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясы өтті,-деп хабарлайды turkistan.today

Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасарыЗ.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді.

Күн тәртібінде маңызды 6 мәселе қаралды:

1. Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №7/85-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы;

3. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

 4. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5.Түркістан   облысының   Құрмет грамотасымен   наградтау  туралы;

6.«Түркістан   облысының   Құрметті    азаматы»  атағын   беру туралы.

Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады. 

Атап айтқанда, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып 5 жыл мерзімге Ұланбек Сейсенбаев тағайындалды. 

347

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.