Түркістан: Ордабасы ауданында «жусансай» фельдшерлік-акушерлік пункті пайдалануға берілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 16 желтоқсан, 2023

Биыл Түркістан облысында облыс бойынша 24 денсаулық сақтау нысандарының құрылыстары жүргізілді. Биыл соның 18-ін ел игілігіне тапсыру жоспарланған. Атап айтқанда 1 аудандық емхана, 3 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе,  тағы 1 дәрігерлік амбулатория мен 3 фельдшерлік-акушерлік пункт жыл соңына дейін тапсырылады, деп хабарлайды Turkistan Today.


Соның бірі бүгін Ордабасы ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жусансай» фельдшерлік-акушерлік пунктін ашылды. Шұбар ауылдық округі, Жусансай ауылындағы медициналық нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, аудан әкімі Азат Оралбаев және облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш мен Ғани Райымбеков  қатысты. 


– Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын! Осынау күнде жаңа нысанның ашылуына келіп отырмыз. Аталған фельдшерлік-акушерлік пункті ел игілігіне қызмет етіп, емхана персоналы ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер көрсетіп, еліміздің бұдан әрі көркейіп, кемелдене беруіне өз үлестерін қоса береді деп сенемін, – деді облыс әкімінің орынбасары.


Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының тапсырысымен салынған бұл нысанның жалпы ауданы 180 шаршы метрді құрайды. Ауысымда 15-20 адам жұмыс істей алады. Жобаның жалпы құны 106 млн теңге. Санитарлық талаптарға, өрт қауіпсіздігіне, толық сәйкестелген және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған пункт ауыл тұрғындарына сапалы алғашқы санитарлық медициналық көмек түрлерін көрсететін болады.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

713

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.