Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарғалы ауылында қайырымды жандардың қолдауымен тағы да бір отбасы қоныс тойын тойлады. Ауыл жастары баспанаға мұқтаж Кенжекүл Батырбайқызының отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Қарғалы ауыл округінің әкімі Еркеғали Жұмабек, «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаров, Қарғалы ауыл округінің төбе биі Ерлан Шоманов және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қарғалылықтардың қуанышымен бөлісіп, ізгі тілектерін айтты.
Жаңа жыл қарсаңында жаңа үйге кірген ауыл тұрғыны үлкен армандарының бірін орындаған азаматтарға шексіз ризашылығын білдірді.
Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі. Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиелектің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Қарғалы ауылында адал тапқан нәпақасын қайырымдылыққа жұмсап, мұқтаж жандарға жанашырлық танытып жүрген азаматтар саны артып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.