Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне орай жастар арасында «Біз жауынгер» атты сайыс өтті.
Түлкібас ауданындағы «Машат Арасан» лагерінде өткен жарыстың алғашқы күнінде жас сарбаздар пневматикалық қарудан ату, жалпы әскери қорғаныс жинағын кию және «АК-74» автоматын шашып-құрастырудан сынға түсті. Ал екінші күні сарбаздар садақ атып, арқан тартып сайысты, деп хабарлайды Turkistan Today.
Жалпы жарысқа облыстың 17 аудан-қаласынан 200-ге жуық жас сарбаз қатысты. 10-11 сынып арасында өткен әскери-патриоттық спорттық сайысқа қатысушылар білім дәрежесі мен дене дайындығына байланысты іріктелініп алынған. Ереже бойынша әр командада 5 ұл мен 4 қыз өз өңірінің намысын қорғайды.
Жарыс соңында барлық командаларға ынталандыру сыйлығы табысталды. Ал үздіктер көшін Арыс қаласының жас сарбаздары бастаса, кентаулық өрендер І орынды емденді. ІІ орынға Түлкібас ауданы жайғасып, үздік үштікті Мақтарал ауданының сарбаздары қорытындылады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.