Түркістан: Саурандық тұрғын қайтарымсыз грантпен жеке тігін цехын ашқан

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 21 ақпан, 2024

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылының тұрғыны Лайло Нарметова тоғыз жылдан бері тігіншілікпен айналысып келеді,- деп хабарлайды turkistan.today.

Кәсібін дамыту мақсатында мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант алып, тігін машиналары мен үтік сатып алған. Бүгінде Лайлоның шағын тігін цехы бар. Сондай-ақ, шебер жиі Түркістан облысындағы киім көрмелеріне қатысып тұрады.

«Мен үшін киімдердің сапасы маңызды. Оны халық үшін сапалы әрі қолжетімді етіп тігемін. Бүгінде мектеп формалары мен ұлттық және күнделікті киетін киімдерге тапсырыс қабылдап жатырмын. Одан бөлек, ерлерге арналған киімдерді де тігемін. Қарамағымда 5 тігінші бар. Алдағы уақытта жеткізу қызметін де іске қосуды жоспарлап отырмын»,-дейді тігінші.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

721

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.