«Таза Қазақстан» акциясының «Таза өлке» апталығы аясында аудан әкімдігі аппараты, дербес бөлімдер, ауылдық округтер мен аудан аумағындағы барлық мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары жаппай сенбілікке атсалысты,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тазалық жұмыстарының барысын аудан әкімі Арман Сәбитов өзі қадағалап, бақылауға алды.
Бірлігі бекем қызметкерлер мен аудан тұрғындары құрал-жабдықтарымен келіп, тазалық жұмыстарына жұмыла кірісті. Сенбілік барысында 212 көшенің бойы мен 42, 6 шақырым аяқжол, 3,3 шақырым арық-атыздар шөп-шаламдардан, күл-қоқыстан тазарды. Сондай-ақ 21,4 шақырым өзен, каналдар мен бұлақтардың арналарын тазартылып, реттелді.
Тұрғындар 11 саябақ пен скверді, 10 балалар және спорт алаңшасын, 6 аялдаманы ретке келтірді. 65 үйдің қасбетін әктеп, 22 көпқабатты үйлер маңындағы аумақтар мен аулаларды, жертөлелер мен кіре берістерді жинады. Және жол белгілері орнатылған 12 көшені сырлады. Бұдан бөлек, 1800 ағаш көшетін отырғызып, 2600 ағаш түбін әктеп, санитарлық тазалау жұмыстарын жандандырды.
Айта кетейік, тазалық науқаны аясында 3800 адам аудан ажарының ашылуына белсене атсалысты. Ал 32 техниканың көмегімен 72,6 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.