Түркістан: Сайрамдық азамат Теріскейде 400 сиыр бағып шаруасын дөңгелетіп отыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 20 қыркүйек, 2023


Павлодар облысы, Константиновка ауылында Зорёд Мавланов есімді сайрамдық азамат тұрады. Ол теріскейге 2019 жылы көшіп келген. Жас кәсіпкердің бүгінде «Карим» фермерлік қожалығында 3,5 гектар картоп алқабы бар. Биыл алқаптан 100 тонна өнім алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Turkistan Today.

Одан бөлек, шаруаның 400-ге жуық ірі қара малы да бар. Кәсіпкер бүгінде ірі қара малын жалға алған жайылым жерінде бағып өсіруде. 
- Өзім үйренген атақоныстан көшу оңай болған жоқ. 2019 жылдың сәуір айында әке-шешеммен бірге көшіп келдік. Бастапқыда бұл жерлер бос жатқан еді. Осы жерге келе салып мал шаруашылығымен айналысып, үй салып алдық. «Сыбаға» деп аталатын ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы арқылы 70 млн теңге несие алып, кәсіп бастадық. Айта кетерлігі, солтүстік өңірінің топырағы өте құнарлы. Егін шаруашылығымен де айналасқанға тиімді. Былтырдан бері картоп өнімін егіп, пайда көріп жатырмыз. Ауасы таза өңірге келіп, өз кәсібімнің жемісін көргеніме қуаныштымын. Қазір осы жерге үйреніп қалдым. Басқа замандастарымды да келіп еңбек етуге шақырып жүрмін, - дейді жас шаруа. 


Айта кетсек, биыл 8 айдың ішінде Түркістан өңірінен 238 отбасы, оның ішінде 885 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған. 


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

576

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.