Түркістан: Шардарада жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін зауыт іске қосылуға дайын

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 20 қыркүйек, 2023

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен қолға алынған жүгері өңдеу зауыты іске қосылуға дайын. Биыл наурыз айында инвесторлардың қаржысымен құрылысы басталған өндіріс орны жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеуге қауқарлы, деп хабарлайды Turkistan Today.

Жобаның жалпы құны - 31 миллиард теңгеге бағаланған зауыт 550 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды деп жоспарланған. Ауыл шаруашылығының дамуына айтарлықтай әсерін тигізетін зауыттың құрылысы 2 кезеңнен тұрады. 2023 жылдың аяғына дейін жүгері сақтау және кептіру кешенінің құрылысын аяқтау көзделіп, қазіргі таңда іргетас құю жұмыстары толықтай аяқталған. Сонымен қатар, әрлеу жұмыстары да басталып кеткен. Ал, екінші кезеңде жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы толықтай пайдалануға берілмек. 

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан өңірі алдағы уақытты мақта өндірумен ғана емес, жүгері өндірісмен де айналысуды бір арнаға қоймақ. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

605

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.