Түркістан жаңа ғимаратпен толығады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 7 наурыз, 2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында салынып жатқан кезекті ғимараттың құрылыс барысымен танысты,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мердігер компания басшымен кездесіп, тапсырмалар жүктеді. Құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеп, сапаға басты назар аударуды ескертті.
– Құрылысқа отандық, жергілікті материалдарды қолдану маңызды. Осы жағына мән беріңіздер. Екіншіден, құрылыстағы жобалар қымбат емес, сапалы әрі үнемді болуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды. 


Бұл ғимаратта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті орналасады. 


Мердігер мекеме – «Ернур Строй и К» ЖШС. Тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы. Жаңа ғимараттың құрылысы 2023 жылы басталған. Биыл  пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 2023 жылғы лимиті. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары 10%-ға аяқталған. Нысанға 46 адам, 9 техника тартылған.

727

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.