Түркістан: Жүзуден Азия чемпионатында қоржынға күміс медаль түсті

Түркістан: Жүзуден Азия чемпионатында қоржынға күміс медаль түсті
Филиппин мемлекетінде су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өттуде. Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасы 4х100 метрге еркін жүзу эстафетасында күміс жүлдеге ие болды,- деп хабарлайды turkistan.today.
Бұл – осы бағдарлама бойынша Қазақстан әйелдер құрамасының Азия чемпионаттары тарихындағы алғашқы күміс жүлдесі. Команда құрамында Түркістан облысының мақтаныштары – Аделаида Пчелинцева мен София Сподаренко жасындай жарқырады.
Сонымен бірге ұлттық құрама сапында қарағандылық Ксения Игнатова мен ақтөбелік Диана Тасжанова да болды. Қазақстанның 4 аруы ел мерейін асқақтатты.
Айта кетейік, ұлттық құрама сапындағы түркістандық арулар –Түркістан облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0