Түркістанда шахматтан Қазақстан чемпиондары анықталды

Түркістанда шахматтан Қазақстан чемпиондары анықталды

Тиісті жас санаттарындағы жеңімпаздар биыл Бразилияда өтетін балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды, ал вице-чемпиондар Азия чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Сондай-ақ, Классикалық шахматтан 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жас санаттарында 3-5 орын алғандар оқушылар арасындағы әлем чемпионатына, Батыс Азия чемпионатына және оқушылар арасындағы Азия чемпионатына ресми ойыншылар ретінде қатысуға құқылы.

Турнир ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп, бас серіктес ретінде Freedom Shapagat компаниясы танылды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 5 580 000 теңгені құрағанын атап өткіміз келеді.

«Турнирдің ерекшелігі шахмат дәстүрлері енді енгізіліп келе жатқан өңір өкілдерінің сенімді ойыны болды. Аталмыш біріншілік федерацияның талантты және перспективалы шахматшыларды тауып, олармен арнайы жұмысымыздың өз жемісін беретінін берді. Аға-әпкелерімен сәтті бәсекелес болған жас шахматшылардың жарқын ойынын атап өткім келеді. Жансая Шолпанбек, Данис Қуандықұлы және басқа шахматшылар жас айырмашылығына қарамастан үлкендерге дес бермей, тамаша нәтижелер көрсетті», - деген пікір білдірді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Классикалық шахмат нәтижелері:

14 жасқа дейінгі қыздар:

  1. Әсия Асылхан (Түркістан)
  2. Диана Тыныштық (Астана)
  3. Мария Холявко (Алматы)

 

16 жасқа дейінгі қыздар:

  1. Зарина Нұрғалиева (Атырау облысы)
  2. Дениза Құрманалина (Алматы)
  3. Жансая Шолпанбек (Алматы обл.)

 

18 жасқа дейінгі қыздар:

  1. Айару Алтынбек (Астана)
  2. Жанбота Камарова (Ақмола обл.)
  3. Кристина Попандопуло (Қарағанды обл.)

 

14 жасқа дейінгі ұлдар:

  1. Ақылжан Мейірханұлы (Қызылорда облысы)
  2. Әлихан Қажатұлы (Жетісу обл.)
  3. Назар Талғатов (Алматы)

 

16 жасқа дейінгі ұлдар:

  1. Алан Петухов (Ақтөбе обл.)
  2. Даниял Сапенов (Қарағанды облысы)
  3. Иманғали Ахилбай (Алматы обл.)

 

Бұл турнирдегі күрестің өткір болғаны соншалық, алты шахматшы бірдей нәтижемен мәреге жетті. Қосымша көрсеткіштер жүйесіне жүгінуге тура келді, соның арқасында алғашқы үш жүлдегер анықталды.

 

18 жасқа дейінгі ұлдар:

  1. Нұрлыхан Құдайберген (Астана)
  2. Тимур Кенбеилов (Астана)
  3. Ораш Шоназаров (Алматы)

Жылдам шахмат нәтижелері (рапид):

14 жасқа дейінгі қыздар:

  1. Қалиахмет Ерназ (Алматы обл.)
  2. Жаппарбекова Малика (Астана)
  3. Зарқым Айлин (Алматы)

 

16 жасқа дейінгі қыздар:

  1. Нұрғалиева Зарина (Атырау облысы)
  2. Шолпанбек Жансая (Алматы обл.)
  3. Алеманова Ясмина (Астана)

 

18 жасқа дейінгі қыздар:

  1. Қалдарова Аяулым (Шымкент)
  2. Камарова Жанбота (Ақмола обл.)
  3. Сейдулла Әселай (Түркістан)

 

14 жасқа дейінгі ұлдар:

  1. Қажатұлы Әлихан (Жетісу)
  2. Мейірханұлы Ақылжан (Қызылорда облысы)
  3. Жауынбай Алдияр (Астана)

 

16 жасқа дейінгі ұлдар:

  1. Сапенов Даниял (Қарағанды облысы)
  2. Петухов Алан (Ақтөбе обл.)
  3. Баянтас Асман (Павлодар облысы)

 

18 жасқа дейінгі ұлдар:

  1. Ахмединов Сәтбек (Астана)
  2. Молдағали Бексұлтан (Астана)
  3. Малыгин Владислав (Павлодар облысы)

 

Блиц нәтижелері:

14 жасқа дейінгі қыздар:

  1. Қалиахмет Эльназ (Алматы обл.)
  2. Холявко Мария (Алматы)
  3. Сермухамедов-Минуллина Адриана (Алматы)

 

16 жасқа дейінгі қыздар:

  1. Шолпанбек Жансая (Алматы обл.)
  2. Науанова Жәния (Павлодар облысы)
  3. Момын Мадина (Қарағанды обл.)

 

18 жасқа дейінгі қыздар:

  1. Камарова Жанбота (Ақмола обл.)
  2. Попандопуло Кристина (Қарағанды обл.)
  3. Алтынбек айару (Астана)

 

14 жасқа дейінгі ұлдар:

  1. Савитский Владимир (Қарағанды облысы)
  2. Талғатов Назар (Алматы)
  3. Кабиназар Нұрмұхаммед (Алматы)

 

16 жасқа дейінгі ұлдар:

  1. Амангелді Ернұр (Астана)
  2. Сапенов Даниял (Қарағанды облысы)
  3. Беристенов Каир (Ақтөбе облысы)

 

18 жасқа дейінгі ұлдар:

  1. Молдағали Бексұлтан (Астана)
  2. Нұрғалиева Зарина (Атырау облысы)
  3. Таңғатов Нұрдәулет (Қызылорда облысы)

 

Классикалық шахматтан қыздар арасында ел чемпионы Зарина Нұрғалиева ұлдар турнирінде өз күштерін сынауға шешім қабылдап, тамаша нәтиже көрсетті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0