Түркістанда тұрғын үй саласына бағытталған инвестиция көлемі артты

Түркістанда тұрғын үй саласына бағытталған инвестиция көлемі артты
Түркістанда тұрғын үй саласына инвестиция салуға қызығушылық білдіргендер саны артып отыр. Жақын уақытта заманауи кешендер көбеймек. Түркістанның тұрғын үй нарығына кіруді жоспарлаған «BI Group» холдингі облыс орталығында заманауи тұрғын үй кешендерін салмақ. Дайын баспаналардың несиелік және мемлекеттік бағдарламалармен берілуі қарастылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «BI Group» холдингінің өкілдерімен кездесіп, бірқатар жобалармен танысты. Қажетті өзгертулер енгізіп, салынған үйлердің сапасына мән беруді басты назарда ұстауды міндеттеді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Еуропалық брендтермен тығыз жұмыс істейтінін айтқан компания өкілдері инфрақұрылымға басты аса мән беретіндерін жеткізді. Құрылыста ең сапалы құрылыс материалдары пайдаланатынын атап өтті. «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының сүйемелдеуімен немесе бірлесіп жобаны іске асыру мәселесі қарастырылуда. Жаңа баспаналар қаладағы әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтереді.

– Ең басты талап – сапа. Инфрақұрылымға баса мән беру керек. Абаттандыру да назардан тыс қалмайды. Балаларға арналған алаңшалардың қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлу керек. Сапалы, қолжетімді, халыққа жайлы баспана салу бағытында Түркістанда түрлі жоба-жоспарлар жүзеге асады. Оның барысы қатаң бақылауда болады, – деді облыс әкімі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірде жүзеге асатын жаңа жобалармен танысу бойынша апта сайын басқосулар өтіп жатыр. Оның барысында Түркістанның кешенді дамуына бағытталған жаңа жобалар талқылануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0