Түркістандағы Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің (IUTH) студенттері Анталияның жетекші қонақүйлерінде тәжірибеден өте алады. Бұл ретте студенттер атқарған жұмыстары үшін еңбекақы алатын болады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Биыл университет Түркияға 60 студент жіберуді жоспарлап отыр. Болашақта практиканттар саны 300 адамға дейін ұлғаяды.
Халықаралық туризм және меймандостық университеті шетелдегі тәжірибеден басқа өз студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы үшін түріктің үш ЖОО-мен академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске қосады.
Келісімдерге IUTH ректоры Айдос Сәкеновтің Түркияның жоғары оқу орындарының ректорларымен және елдің қонақ үй бизнесінің ірі өкілдерімен кездесуі аясында қол жеткізілді.
«Түркия-туризм саласындағы әлемнің жетекші елдерінің бірі. Сондықтан жергілікті қонақүйлерде біліктілік арттыру біздің студенттерге ең құнды тәжірибе мен кәсіби өсу үшін маңызды білім береді. Білікті кадрларды даярлау-біздің басты мақсатымыз. Мұндай ынтымақтастық отандық туризм индустриясының дамуына елеулі үлес қосады»,– деді Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің ректоры Айдос Сәкенов.
ҚР МСМ Баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.