Түркістандық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысында қарғын судың алдын алу жұмыстарына кірісті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 2 сәуір, 2024

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар тобы еліміздің Солтүстік өңірлеріне көмектесу үшін жолға шыққан болатын,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Түркістан өңірінен 54 құтқарушы, 14 техника жіберілді. Одан өзге 15 мотопомпа, 2 қайық, 16 портативті радиостанция, 2 спутниктік телефон, 5 шатыр, 50 төсек автономды жұмыс істеуге толық дайын. Олар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созды. 

Бүгін құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына барып, қарғын судың алдын алу жұмыстарына кірісіп кетті. Кәсіби мамандардан құралған топ тасқын қаупі жоғары Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Тайынша және Тимирязев аудандарында жұмыс жүргізеді деп жоспарланған. Қазіргі таңда құтқарушылар су тақынының алдын алу және бақылау жұмыстарын атқарып жатыр. 
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан өңірінен Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек және еріктілер тобы жіберілген болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

351

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.