Түркістандық ұстаз «Үздік жыл мұғалімі - 2023» байқауында ІІІ орын иеленді

Түркістандық ұстаз «Үздік жыл мұғалімі - 2023» байқауында ІІІ орын иеленді

NIS жүйесінің барлық педагог мамандары үшін айтулы оқиғаға айналған дәстүрлі «Үздік жыл мұғалімі-2023» байқауына Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы Шыңғыс Дархан қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді, деп хабарлайды Turkistan Today.


Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шыңғыс Есенғараұлы NIS жүйесінде 5 жылдан астам, ал Түркістандағы Зияткерлік оқу ордасы ашылғалы 2 жылдан бері қызмет атқарады. Бүгінде мектеп қабырғасында «Ziyat» дебат клубының жетекшісі және Youtube желісінде педагогикалық тақырыпқа негізделген подкастары арқылы шәкірттеріне креативті, жан-жақты педагог ретінде танылған. Сонымен қатар мектептің 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында өткен мектепішілік «Жыл мұғалімі» байқауында жеңімпаз атанған. 


 2022-2023 оқу жылы Түркістандағы білім ордасы сыртқы жиынтық бағалау емтиханы бойынша қазақ тілінен үздік 100% нәтиже көрсетіп, NIS желісінде алдыңғы қатарға шықты. Бұл – Зияткерлік мектеп тарихындағы сыртқы жиынтық бағалау емтиханынан алғашқы жетістіктердің бірі болса, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің нәтижелі жұмысының көрсеткіші.  


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0