Түркістандықтар су басқан аймақтарға көмек көрсетуде

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 16 сәуір, 2024

Түркістан облысынан 10 жүк көлігіне тиеліп жіберілген 200 тонна гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысына жеткізілді,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге өңірден аттанған 50 ерікті де сол аймақта гуманитарлық көмекті үйлестіру, тасқын судың алдын алу жұмыстарын атқарып жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы аясында Түркістан облысы ҚХА жанындағы Түркістан облыстық өзбек және түрік этномәдени бірлестіктері бірлесе отырып, 5 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмекті су басқан аймақтарға жөнелткен болатын. Жалпы, бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен су басқан өңірлерге жалпы 88 миллион теңгеден астам қаржының гуманитарлық көмек жіберілді.

Сонымен бірге сол күні Сарыағаш, Отырар, Келес, Сайрам, Сауран ауданы мен Кентау қаласы тұрғындары атынан қажетті заттар тиелген жүк көліктері де жолға шығып, Батыс Қазақстан облысына жеткізілді. Түркістан қаласынан да бірнеше жүк көлігі Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарына жіберілді. Жалпы көмек көлемі шамамен 700 тоннадан асты. Әлі де гумантарлық көмек жинау жалғасып жатыр.

Облыс әкімдігінің үйлестіруімен 100-ден астам ауры техника БҚО-ға жіберілді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұл жұмыстар тоқтамайды.

Бүгінде су басқан өңірлерге жұмыс күші де қажет. Осы мақсатта облыстан 150-ден астам кәсіби құтқарушы СҚО және БҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Облыстық Жастар ресурстық орталығы жасақтаған 50 ерікті БҚО-да суды бөгеу, тосқауыл қою жұмыстарына күндіз-түні көмектесіп жатыр. Бұдан бөлек, Түркістан облысынан арнайы БҚО, Қостанай, Атырау облыстарына барып, көмектесіп жатқан азаматтар да бар. Осы арқылы елімізде азаматтық қоғам, еріктілер қозғалысы, тұтас елдің отаншылдық сезімінің жоғары деңгейге көтерілгені аңғарылды. Ұйымдастыру, ұйымдасу жұмыстары жақсарған. Бұл – ел бірлігінің жемісі!

Түркістан облысында гуманитарлық көмек жинау, су басқан аймақтарға қолдау көрсету жұмыстары жалғасады.

527

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.