Бүгін 14 қыркүйек "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің 9-кезеңі басталды. 12 команда жалпы есеп бойынша 850-інші шақырымды бағындырмақ, деп хабарлайды Turkistan Today.
Бұдан бөлек Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары 650 шақырымды жүріп өткен тұлпарларымен Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды еңсеруді мақсат еткен. Бұл төрттікке төрешілер "Рекорд" деген атау беріп, арнайы 13-інші команда ретінде тіркеп, нәтижелерін күнделікті белгілеп отыр. "Рекорд" командасының жігіттері діттеген мақсатына жетсе, келесі жылғы жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарда бар. 1300 шақырымды 1 атпен аз уақытта бағындырған азаматтар мен қазанаттардың нәтижесі рекордтар кітабына бұрын соңды болмаған рекорд ретінде енгізуге сұранып тұр.
Айта кетейік, алда 5 кезең, яғни 450 шақырым қалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.