"Ұлттық қор – балаларға": Биыл 18 жасқа толған балалар 100 долларды қайда жұмсай алады?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 1 ақпан, 2024

Бағдарламаның тиімділігін 18 жыл осы бағдарламада болатын балалар ғана көре алады. 

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Сенат кулуарында айтты, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өздеріңізге белгілі, Президент 2022 жылы қарашада тапсырма берді. Сол кездегі есептеулерге сәйкес, балалардың саны 6 млн 400 мың болатын. Бүгінде балалардың саны 6 млн 919 мың. Соған сәйкес, бүгінде бөлініп жатқан қаражаттың сомасы 695 млн доллар. Оны енді осы 6 млн 919 мың 131 балаға бөлетін болсақ, 100 доллар 52 центтен шығып тұр", - деп түсіндірді вице-министр.

Тілшілер ведомство өкілінен "Осыған дейін бағдарламаға қатысатын балалар 18 жасқа толғанға дейін 3,5 мың доллар жиналады делінді, бұл қаншалықты жетуге болатын меже?" деп сұрады.

"Ол сомаға жетеді. Тағы бір қайта кететін жайт бар. Осы түскен ақшаға инвестициялық кіріс жүретін болады. Ал биыл 18 жасқа толған балалар 100,52 доллардан алып, бүгіннен бастап ол ақшаны шеше алады", - деп атап өтті ол.

Вице-министр "Биыл кәмелеттік жасқа толған бала 45 мың теңгені қайда жұмсай алады? Бұл сома жеткілікті деп ойлайсыз ба?" деген сауалға да жауап берді. 

"Әрине, бұл жеткіліксіз. Осы бағдарламаның тиімділігін тек қана 18 жыл осы бағдарламада болатын балалар ғана көре алады. Бағдарлама биылдан бастап іске қосылды. 100 доллар алатын баланың бүгінде "Отбасы банкте" депозит ашуға мүмкіндігі бар, соған салып қоя алады. Бұдан бөлек сол ақшаны мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне салып, жинақтауына болады", - деді Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков БАҚ өкілдері салуалына берген жауабында.

Айта кету керек, осыған дейін балаларға Ұлттық қордан алғашқы 100 доллар түскенін жазған болатынбыз. Сонымен қатар жобаға қатысудың шарттарына да тоқталған едік.

409

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.