Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі аяқталды. Спорттың 12 түрін қамтыған аламан додаға еліміздің барлық өңірінен іріктеліп келген командалар қатысып, тартысты ойындар өткізді, деп хабарлайды Turkistan Today.
Түркістан облысының құрамасы қазақ күресі, жамбы ату, теңге ілу, бәйге түрлері бойынша командалық есепте топ жарып, өздерінің мықтылықтарын дәлелдеді. Ал, аударыспақ, құсбегілік, жекпе-жек спорт түрлерінен командалық 2-орынды иеленді. Сонымен қатар тоғызқұмалақтан әйелдер командасы 3-орынды олжалады. Қалған спорт түрлеріне келсек, көкпардан 5-орын, асық атулае 5-орын, тоғызқұмалақтан ерлер арасында 8-орын, дәстүрлі садақ атудан 12-орын, бес асық құрамасы 11-орынға жайғасты.
Жалпы спорттың түрлері бойынша Түркістан облысы 574 ұпай жинап, жалпыкомандалық 1-орынды иеленіп, VI фестивалінің жеңімпазы атанып, өткен жолғы чемпиондық атақтарын сақтап қалды. 549 ұпай жинаған Астана құрамасы 2-орынды еншілесе, 460 ұпай санымен Жамбыл облысы 3-орынға тұрақтады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.