1995 жылы тәжік-ауған шекарасындаинтернационалды міндет арқалап, шекаракүзетінде тұрған Ішкі әскердің 17 жауынгеріжаумен айқаста мерт болды. Аталғанжауынгерлерді еске алу мақсатында жыл сайын7 сәуір күні Ерлік күні атап өтіледі. Биыл да «Қазбат» жауынгерлерінің құрметіне ашылған Ерлік аллеясындағы «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.
Іс-шараға ІІМ басшылығы, Ұлттық ұлан қолбасшылығы, жергілікті атқарушы билік органдарының, қоғам өкілдері, әскер және локальды қақтығыстардың ардагерлері қатысты.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініңорынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысыгенерал-майор Еркін Ботақанов ерлердің рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоғын қойды.
Жиын ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бірминут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор ЕркінБотақановтың ержүрек ұландар жайлы сөз сөйледі.
«Біз бүгін 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауғаншекарасындағы шайқаста ерлікпен қаза тапқанІшкі әскер, бүгінгі Ұлттық ұланныңжауынгерлерінің рухына тағзым етудеміз.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына сәйкес 1993-99 жылдары Ішкі әскердің екі мыңнан астам жауынгері «Қазбат» құрамында Тәжікстанда бітімгершілік миссиясын атқарды.Осыдан 28 жыл бұрын, 7 сәуір күні жауынгерлік тапсырма атқару кезінде қайғылы оқиға орын алды. Тәжікстанның Пшихавр тау шатқалында төрт сағаттан астам қанды ұрыста Ішкі әскердің 17 сарбазы қаза тапты, 33 жауынгер жараланды», деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов.
Сондай-ақ іс-шара барысында Ұлттық ұлан мен Шекара қызметі астаналық гарнизондарының жеке құрамы салтанатты маршпен жүріп өтті.
«Қайсар ұлдарымыз содырларға қарсы төтеп беріп, жауынгерлік борыштарын ерлікпен орындады. Абыройды таптатпай, әскери антқа адалдықтарын танытты. Мемлекет басшысының Жарлығымен ерлік танытқаны үшін қаза болған 5 адам ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, 12 адам «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды.Қазақстан халқы өзінің ержүрек ұлдарын ешқашан ұмытпайды. Олардың есімі еліміздің қалаларында көшелер мен мектептерге берілді. Әскери бөлімдер мен елді мекендер де ескерткіш тақталар орнатылды», деді генерал-майор Еркін Ботақанов.
Бүгінде Ерлік аллеясы мен «Ер есімі – ел есінде» ескерткіші халықтың ержүрек ұлдарға деген мәңгілік тағзымындай болып тұр. Жыл сайын бұл жерде Ұлттық ұланның елордалық жас сарбаздары өз халқына адал болуға серт беріп, Әскери ант қабылдайды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.