Unico Play онлайн-кинотеатры Shabyt Lab атты сценарийлер питчингі жобасын іске қосады

Жаңалықтар 26 мамыр, 2025

Unico Play онлайн-кинотеатры Shabyt Lab атты жаңа форматтағы сценарийлер питчингі жобасын іске қосады. Бұл — қысқаметражды фильмдерге арналған байқау ғана емес, қатысушылардың идеядан бастап дайын фильмге дейінгі жолды тәжірибелі ментормен бірге өтетін шығармашылық зертхана,- деп хабарлайды turkistan.today

Жобаның басты ерекшелігі — кәсіби режиссерлер, продюсерлер мен операторлардың жас авторлармен бірлесіп жұмыс істеуі. Олар өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңа есімдерге қолдау көрсетеді. Менторлар қатарында: Анара Жунусова (CEO Uni-Q, продюсер; "Малай", "Приговор", "Чёрный двор"), Адильхан Ержанов (режиссер, сценарист; "Чёрный, чёрный человек", "Голиаф", "Дала қасқыры"), Қуаныш Бейсек (режиссер, продюсер; "Дәстүр"), Айжан Қасымбек (режиссер, сценарист; "Мадина", "От"), Айтөре Жолдасқали (режиссер; "Sheker", "SHULAMAH"), Еркебулан Куришбаев (Qara студиясының бас продюсері; "OYU", "Қаш", "Зере"), Еркинбек Птыралиев (кинооператор; "Жёлтая кошка", "Дала қасқыры", "Кадет") және Дархан Тулегенов (режиссер, сценарист; "Братья", "Sheker. Последний шанс").

Әр ментор өзіне ұнаған бір сценарийді таңдайды. Сол сәттен бастап шығармашылық серіктестік басталады. Қатысушылар сценарий жазудан бастап түсірілім мен монтажға дейінгі бүкіл процесті менторлармен және Unico Play шығармашылық тобымен бірге өтеді. Сондай-ақ жоба аясында кино саласының түрлі бағыттары бойынша: сценарийден бастап фильмді экранға шығару тақырыптарын қамтитын мастер-класстар өтеді. Бұл кездесулер бір Shabyt Lab-тың серіктесі Sham шығармашылық мектебінің алаңында ұйымдастырылады.

Өтінімдер 2025 жылдың 30 мамыры мен 15 шілдесі аралығында shabytlab.unicoplay.com сайтында қабылданады. Байқауға 16 жастан асқан Қазақстан азаматтары қатыса алады. Кино саласында тәжірибе міндетті емес — нақты идея, 5–12 минуттық сценарий және шынайы ынта жеткілікті. Туындылар кейіпкерлер саны аз, локациялар қолжетімді, түсірілім 1–3 күнде жүзеге асуы тиіс. Сценарийлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Жоба желтоқсанда қатысушылар түсірген фильмдердің жабық көрсетілімімен аяқталады. Ең үздік жұмыстар халықаралық кинофестивальдерге қатысу мүмкіндігіне ие болады.

«Shabyt Lab — бұл жай ғана байқау емес. Бұл — тәжірибе мен шабыттың тоғысатын орны. Бұл жобаны қолға алуымның себебі — индустрияда бірігудің, қолдаудың маңызы зор екеніне сенемін. Біз бұл жобаны жаңа есімдерге жол ашу үшін жасап отырмыз. Индустрия дамуы үшін дарындарға мүмкіндіктер жасауымыз керек», — дейді Uni-Q компаниясының СEO-сы Анара Жунусова.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.