Ұштық: әуе көлігі жолаушыларының саны бір жылда 26% көбейді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сараптама 5 қыркүйек, 2023

Еліміздің 20 өңірінің 13-де әуе қатынасы қымбаттады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Биыл қаңтар–шілде қорытындысы бойынша, әуе компаниялары 7,3 млн адамды тасымалдады, бұл былтырғыдан 26,1% артық.

Ең жоғары көрсеткіштер Алматыда тіркелді: 2,5 млн адам, бір жылда 27,6% көбейген. Одан кейін елорда (1,9 млн адам) және Шымкент (678,5 мың адам). Әуе көлігімен ең аз жолаушы тасымалданған өңір Алматы облысы: 2,8 мың адам.

Жолаушылар айналымы 14,5 млрд жкм құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,5% артық.

Биыл қаңтар–шілдеде әуе көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 13,3 мың тонна болды, бұл былтырғыдан 4,2% артық. Соның ішінде Алматы қаласы бойынша бұл көрсеткіш 7,8 мың тонна болса, Шымкент қаласында 3,5 мың тонна, Астана қаласында 1,9 мың тонна.

Қаңтар–шілде айларында жүк айналымы 28,9 млн ткм құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3% артық.

Айта кетейік, ҚР-да әуе компанияларының бірі «Qazaq Air» АҚ жекешелендіруге шығарылды. Бұл туралы әуе компаниясының сайтында 2023 жылдың 18 тамызында жарияланды. «Самұрық-Қазына» АҚ әуе компаниясының акцияларын сату бойынша ашық екі кезеңді байқау басталғаны туралы хабарлады. Бұл әуе билеттерінің құнына қандай да бір түрде әсер ете ме, жоқ па, әзірге айту қиын.

Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, ҚР-дағы әуе жолаушылар көлігі қызметі бір жылда 10,5% қымбаттады.

Өңірлер бойынша баға ең қатты қымбаттаған өңір Жетісу облысы: бірден 52,7%. Одан кейін Қызылорда (46,9%) және Солтүстік Қазақстан (15,9%) облыстары. Ең аз қымбаттаған өңір Маңғыстау облысы: 0,7%.

Батыс Қазақстан облысында баға өткен жылдың деңгейінде қалды. Еліміздің тағы алты облысында — Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында баға төмендеді.

4.5k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.