Өзбекстанда Абай атындағы ғылыми-мәдени орталықтың ашылуы өтті

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Түркі әлемі 21 қазан, 2024

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдениетаралық байланысты нығайту

Бүгін Өзбекстанда Ш.Рашидов атындағы Самарқан мемлекеттік университетінің базасында Абай университетінің Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығы мен қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің салтанатты ашылуы өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдениетаралық байланысты нығайту, ұлы ақын Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, жастардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Орталық көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға және екі университет студенттері арасындағы рухани байланысты нығайтуға да өз үлесін қоспақ.

Салтанатты іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Өзбекстанның Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп, Самарқан мемлекеттік университетінің ректоры Рустам Халмурадов қатысты.

Болат Тілеп өз сөзінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық пен қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің ашылуы – екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім мен мәдениет саласындағы байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам. Бұл Абай университетінің әлем бойынша құрған жетінші Абай орталығы. Самарқан төрінде бой көтерген орталық тек білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналып қана қоймай, түркі тілдес халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністік қарым-қатынасты дамытуға қызмет ететініне сенімдімін», - деді ректор.

Салтанатты іс-шара аясында Абай университеті өкілдерінің Самарқан мемлекеттік университетінің ректоры Рустам Халмурадов пен филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесуі өтті. Кездесу барысында екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

 Айта кету керек, Абай атындағы ҚазҰПУ базасында биыл Әлішер Науаи атындағы Тіл және әдебиет орталығы ашылып, ол түркі тілдес халқының ұлы ақыны Әлішер Науаидың шығармашылығын зерттеу және насихаттау алаңына айналды. Бүгінде Қазақстанның жетекші педагогикалық университетінде Өзбекстаннан келген 148 студент білім алуда.

Бұл айтулы оқиға мәдениетаралық диалогтың маңыздылығын көрсетіп, білім беру және мәдени бастамаларды дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарындағы ғылыми әлеуетті нығайтуға жаңа серпін беретіні анық.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.