Зеленский Тоқаевқа қоңырау шалды

Зеленский Тоқаевқа қоңырау шалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Украина тарапының бастамасы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.
Фото: sputnik.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0