Зерделі ұрпаққа зейін салу басты назарда

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Спорт 13 наурыз, 2023

 

Бүгінде мемлекетіміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі – саналы һәм білімді ұрпақ қалыптастыру. Осы орайда, ұлттық спортымыздың алар орны ерекше.

Өткен аптада Ақтөбе облысында аударыспақ ойынынан ел біріншілігі өтті. Осымен 22-ші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа еліміздің 16 өңірінен кілең «сен тұр, мен атайын!» деген спортшылар жиналды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Чемпионат қорытындысы бойынша Түркістан облысы ешкімге қарсылас шыдатпай бірінші орынды иеленсе, жарыс қожайындары Ақтөбе облысы екінші орынға тұрақтады. Ал, үздік үштікті Батыс Қазақстан облысының спортшылары қорытындылады.

Шара барысында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының бастамасымен «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры-Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Бағдәулет Сәбитов пен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Нұрлыбек Мұқанов өңірдің Ұлттық спорт федерациясының өкілдерімен, облыстық спорт басқармасының басшылығымен кездесті.

Кездесуде қос тарап аталмыш саладағы мәселелер мен оның шешілу жолдарын талқылады.

Атап айтар болсақ, Ақтөбе облысындағы жалпы білім беру орындарында (400-ден аса мектеп) тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату үйірмелерін ашып, оған денешынықтыру пәнінің мұғалімдерін жұмылдыруды қарастырды.

Сондай-ақ, кездесуде үйірмелердегі денешынықтыру пәнінің мұғалімдеріне тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату спорты бойынша семинарлар өткізу мәселесін де көтерді. Аталмыш семинарларды «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК-ның өткізу мүмкіншілігі жайында айтылды.

Сонымен қатар, Бағдәулет Сәбитұлы мен Нұрлыбек Бекболатұлы мәдениет және спорт саласының кәсіподақ басшыларымен кездесіп, еңбек ұжымдарында ұлттық спорт түрлері бойынша үйірмелер ашуды ұсынды.

Мәселен, бүгінгі таңда Ақтөбе хром қосындылары зауыты жергілікті Асық ату федерациясымен бірлесіп, зауыт жұмысшылары арасында спартакиада өткізуді жоспарлауда.

Бас қосудың соңында Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ашық ипподромның құрылысына бюджеттен қаражат бөлу мәселесі де талқыланды.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі.

 

 

 

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.