Жаңа Су кодексіндегі 5 негізгі қағидат

Жаңалықтар Бүгін, 16:02

Жаңа Су кодексі бес негізгі қағидатқа сүйене отырып әзірленді. Олар: суды қоршаған ортаның ажырамас бөлігі және азаматтардың өмір сүруі мен экономикалық дамудың негізі ретінде тану, су ресурстарын пайдаланудағы экономикалық құндылық, жерүсті және жерасты су ресурстарын кешенді пайдалану, суды тиімді және ұтымды үнемдеу, сондай-ақ су қорын сақтау мен пайдалану мәселелерін шешуге жұртшылықты тарту,- деп хабарлайды turkistan.today

Жаңа кодексте су ресурстарын басқару бойынша Бас және бассейндік жоспарлар жасау көзделген. Сонымен қатар гидротехникалық құрылыстарды жан-жақты тексеріп, олардың қауіпсіздігі туралы арнайы құжат дайындау міндеті енгізіліп отыр. Бұл нысандардың тізімі де жүйеге келтірілмек.

Су саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік талаптары күшейтілді. Уәкілетті органдарға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін қадағалау функциялары енгізілді. Судың «көлеңкелі нарығымен» күресу үшін суды рұқсатсыз пайдалануға жол бермеу және су айдындарында, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметке тыйым салуды сақтау бойынша бақылау күшейтілді.

Ауыл шаруашылығындағы тиімсіз шығындарды азайту мәселелері қаралды. Ирригациялық кондоминиум құру тәртібі реттелді. Егер ондай ұйым құрылмаса, мұндай мүлікті сырттай басқару құқығы жергілікті атқарушы органдарға беріледі.

Су секторын су тасқыны мен құрғақшылықтың алдын алу үшін климаттың өзгеруіне бейімдеу шаралары реттелді. Су саласын цифрландыру аясында Ұлттық ақпараттық жүйе құру көзделіп отыр.

Су шаруашылығы құрылыстарын есепке алу, олардың жағдайын бағалау, баламалы су көздерін пайдалану, еріген қар суын арнайы рұқсатсыз жинау және суаруға пайдалану, су нысандарын бақылау бойынша нақты нормалар енгізілді.

Кодекс сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, нөсер және дренаждық ағындарды реттеу, иесіз жүйелерді коммуналдық меншікке беру жөніндегі нормаларды қамтиды. Сондай-ақ өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін ауыз судың орнына техникалық суды пайдалану және техникалық аудит негізінде сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жоспарлы жаңарту шаралары көзделген.

Жерасты суларын іздеу, бағалау, бақылау және қорғау жұмыстарын реттеу енді министрліктің құзыретіне беріледі. Бұл мәселелермен Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрамындағы Ұлттық гидрогеологиялық қызмет айналысады.

Су ресурстарын басқару шешімдеріне жұртшылықтың қатысуы кеңейтілді. Бассейндік кеңестер су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін қысқарту, су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы іс-шаралар, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган жіберген бұзушылықтарды түзету жөнінде ұсыныстар бере алады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.