Жаханша Досмұхамедов әлемдегі ең көне Құранды қалай құтқарды?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркі тұлғалары 13 желтоқсан, 2022

"Біз Санкт-Петербургте, мұсылмандар кеңесінде отырдық. Орыстар қазірдің өзінде ашық түрде араздасып үлгерді. Большевиктер қаланы аралап, барлық мекемелерге оқ жаудырды.

Бұл жәйт мұсылмандар кеңесіне де әсер етті. Қалада қатты тәртіпсіздік бар. Халық арасында қайғы. Әркім өз тағдыры туралы ойлаған минутта менің басымда бір қасиетті ой пайда болды. Халифа Османның қолымен жазылған Құранның алғашқы қолжазбасы тақтан тайдырылған патшаның Санкт-Петербург мұражайында сақталғанын есіме түсірдім.

Дүниедегі барлық нәрсе төңкеріліп тұрған сәтте мені бір ғана ұмтылыс — Қасиетті Құранды құтқаруға деген ұмтылыс басып алды. Мен өз ойымды мұсылман кеңесінің басқа мүшелерімен бөлістім.

Барлығы қорықты, ешкім менімен бірге жүруге батылы бармады. Ал мен: Құран өлген кезде өмір аяу керек пе?- деп ойладым. Көшелердегі оттардың арасынан өтіп мұражайға жүгірдім. Мұнда бәрі төңкерілген. Ешнәрсеге қарамай, көптеген кедергілерді жеңе отырып, мен Осман жүрегінің қанымен жазылған қасиетті Құранға жеттім. Құранды құшақтап алып мұражайдан шықтым. Дұшпандардың үздіксіз ағыны арқылы, оттың астымен мен мұсылман кеңесіне қасиетті Құранды әкелдім".

Жаханша Досмұхамедов. Алаш-Орданың Батыс қанатының көшбасшысы.

Ежелден бұл кітапты көбейту ісі үшін сахаба Зейіт бин Сәбиттің (р.а.) төрағалығымен арнайы комиссия құрылады. Осылайша көбейту ісі басталып, тура 5 жыл дегенде бітеді. Түрлі деректерге байланысты көбейтілген Құран кітабының саны 6 немесе 7 болғандығы риуаят етіледі. Бұлардың біреуі Мәдинада қалады да, қалғандары Мекке, Куфа, Басра, Шам, Йемен және Бахрейнге жіберіледі. Бұл мұсхафтардың төртеуі соғыс, тағы басқа осы секілді жағдайларда өртеніп, жоғалып кеткен, ал қалған үш Құран бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Оның бірі Түркияның Топкапы Сарайында тұрса, екіншісі Лондонның Британ кітапханасында. Ал үшіншісі Ташкенттің Көне жәдігерлер мұражайында. Осы Құранды «Осман Құраны»  дейді. Олай деуінің себебі, бұл мұсхаф Хазіреті Османның өзі оқыған Құраны және осы Құранды оқып отырған кезінде өлтіріліп, шейіт болады. Сол себепті Құранның парақтарында Османның қан іздері қалған.


Анықтама.
Халифа Осман - Мұхаммед пайғамбардың ең жақын серіктерінің бірі. Оның жанынан Құранның жазбаша мәтінін бір кітапқа жинақтау аяқталды.

Жаханша Досмұхамедов - Алаш Орда Үкіметі атынан Мәскеуге Ленинмен, Сталинмен және Троцкиймен жеке кездесуге барған, соның нәтижесінде Алаш Орда мен РСФСР арасында өзара  шарт жасалған бас келіссөз жүргізушілердің бірі.

P. S. 1930 жылдары Досмұхамедов бірнеше рет қамауға алынды. Өмірінің соңғы жылы Мәскеуде инсульттан кейін жартылай сал болып өтті. 1938 жылы ол "халық жауы"ретінде қамауға алынды. 1938 жылы 3 тамызда Бутово полигонында атып өлтірілді.

2.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.