2024 жылдың 8-13 маусым аралығында Қытай Халық Республикасы, Силин-хот қаласы, Байинсиль елді мекенінде өткен жамбы атудан (ат үстінде садақ ату) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионатқа әлемнің 11 елінен, атап айтар болсақ, Австралия, Малайзия, Түркия, Қытай, Индонезия, Катар, Қазақстан, Моңғолия, Тайпей, Макау, Пәкістан мемлекеттерінен 60-қа жуық спортшы қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today
Қазақстанның намысын ұлттық құрамасының 4 мүшесі, Абзал Тұлыбеков, Айтбек Сарыбай, Нұрсұлтан Бірлікбаев және Батыр Бексауыт қорғады. 4 күнге созылған дүбірлі дода «Мажар», «Азия», «Император», «Саран» стилдері бойынша өтті.
Жарыстың алғашқы күні спортшылар «Мажар» стилі бойынша сынға түсті. Бұл стильде
Батыр Бексауыт үздік үштікке ілінді.
Алтын жүлдені Моңғолия елінің мергені Nergui Altankhyag иеленсе, күміс жүлде де Моңғолия еліне Bayanmunkh Erdenebayer-де. Ал қола жүлде Батыр Бексауытқа бұйырды.
Жарыстың екінші күні мергендер «Азия» нысанасын көздеді. Өкінішке қарай бұл стиль бойынша спортшыларымыз үздіктер қатарынан көріне алмады. Ұлттық құрамадағы ең жоғарғы көрсеткіш Абзал Тұлыбековте. Ол 7-орынға тұрақтады.
Үшінші күні біздің спортшыларымыз бұрын-соңды атып көрмеген «Император» стилі бойынша жарыс болды. Бірақ ұлттық құрама мүшесі Айтбек Сарыбай салқынқандылықпен жарыс алаңына шығып, күміс жүлдеге ілінді. Алтынға небәрі жарты ұпай жетпей қалғанына қарамастан бұл спортшыларымыз үшін жақсы нәтиже.
Соңғы жарыс күні «Саран» стилі бойынша өтті. Бұрындары бұл нысананы да көздеп көрмеген мергендеріміз бұл нысана бойынша сайыста ерледі. Батыр Бексауыт басты қарсыласымыз саналған моңғол спортшыларының алдын 1 ұпайға орап, алтыннан алқа тақты. Осылайша 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен әлем чемпионатын аяқтадық.
12 маусым күні жарыстың жабылу салтанаты өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Қытай жамбы ату федерациясының өкілдер құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Бас серіктес: «Самұрық-Қазына»
Демеушілер: «Sport qory»спортты қолдау қоры.
«Alageum electric»компаниясы.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.