Жолдау – 2024: Қазақстанда IT-компаниялар саны 18 мыңнан асты

Жаңалықтар 4 қыркүйек, 2025

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша назар аударуды тапсырды,- деп хабарлайды turkistan.today

Елімізде салаларды цифрлық трансформациялау айтарлықтай нәтиже беруде 

2021 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан ауқымды цифрлық трансформация аясында Қазақстан Республикасы министрліктерінде мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық кедергілерді азайтуға, сондай-ақ азаматтар мен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған цифрлық шешімдер кешені енгізілді.

Бұл көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден астам қаражатты шығарып, 13 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Енгізілген шешімдердің жалпы тиімділігі 51,3 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 20 есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлық және әкімшілік кедергілер төмендеді.

Сондай-ақ, IT саласы тұрақты түрде өсіп келеді. Еліміздегі IT-компаниялар саны 18 мыңнан асты, соңғы үш жылда өсім 16%-ды құрады. 1700-ден астам қатысушыны біріктіретін Astana Hub халықаралық технопаркінің дамуы маңызды драйвер болды. Резиденттердің жиынтық табысы 1,2 трлн теңгеге жетті, экспорттық кіріс 140 млрд теңгеден асты.

Өңірлік ІТ хабтар инновациялық экожүйенің негізгі элементіне айналды. Қазірдің өзінде Қазақстанда олардың 19-ы бар. Сонымен қатар Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, Дубай және Қытайда шетелдік алаңдар ашылды.

Astana Hub халықаралық серіктестермен бірлесіп стартап-экожүйені дамытуда. AI’Preneurs және Silk Way Accelerator (Google-мен серіктестікте) бағдарламалары шеңберінде қазақстандық жобалар әлемдік нарықтарға шығуда. AlchemistX, Draper University және Silkroad Innovation Hub-пен ынтымақтастықтың арқасында Кремний алқабында 40-тан астам стартап акселерациядан өтті. 2026 жылға қарай Қазақстан $1 млрд көлеміндегі IT-қызметтер экспортына қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Tech Orda бағдарламасы 2025 жылы 100 000 IT маманын оқытуды қарастырып отыр. Онлайн және офлайн бағдарламалар – Tomorrow School, AI’Preneurs, Decentrathon 2.0, сондай-ақ мамандандырылған курстар: AI-People Bootcamp и AI Quest 1.0 жүргізілуде.

Сондай-ақ Орталық Еуразияда алғаш рет мемлекеттік қызметшілерді ЖИ-мен жұмыс істеу дағдыларына үйрететін AI Qyzmet бағдарламасы іске қосылды. Ол жұмыс процестеріне цифрлық құралдарды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.

«2024-2025 жылдар ЖИ саласындағы маңызды бастамалар кезеңі болды. 2029 жылға дейінгі тұжырымдама бекітілді, ЖИ және цифрлық трансформацияны дамыту стратегиясы, сондай-ақ жасанды интеллекті бойынша заң жобасы әзірленуде», — деді Жаслан Мәдиев.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.