«Жұбайыңыз жасартыпты»: Өзінен 45 жас кіші қызға үйленген Нұрғали Нүсіпжановтың стилі көпшілікті таңырқатты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 25 наурыз, 2023

Қазақстанның Халық әртісі, 86 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов наурыз мерекесінде Шымкентте ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға қатысты. Осы орайда, көрермендер қарт әншінің ерекше стилі мен паңдығына қайран қалған, деп Turkistan Today жазады altyn-orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданады. Наурыз мерекесіне байланысты жариялаған видеолар тізбегі оқырмандардың ыстық ықыласына ие болды. Тыңдармандар жасы тоқсанға жақындаса да, паңдығы мен ерекше даусынан айырылмаған әншіге құрметін білдірген.

«Керемет стиль, жақсы, әдемі болып жүріңіз. Жұбайыңыз сізді кәдімгідей жасартыпты. Аман жүріңіз. Елдің жақсы көретін әншісіз», «Уақытқа бағынбайтын ағамыз, мен ес білгелі осындай мұнтаздай еді. Әлі сол қалпында, аман болыңыз», «Красавчик, Алла ұзақ ғұмыр берсін», «Аңыз адам», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетелік, Нұрғали Нүсіпжанов 82 жасында өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешпен көңіл қосып, шаңырақ көтерген болатын. 

2.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.