Жұлдыз Абдукаримова "роботқа" айналды

Жұлдыз Абдукаримова "роботқа" айналды

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова        роботқа айналмақ, деп жазады Turkistan Today тілшісі.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

"Бұрынғы Жұлдыз бен бүгінгі Жұлдызда не өзгерді? Мидағы шекара ашылып, ішкі еркіндікті сезіндім. Өзімді таныған сайын талантымды ашуға талпына түстім. Сөйтіп өз жобамды аяқтай сала, жаңа образбен, жаңа рөлмен тағы да шығып отырмын. Өз әйелінен артығын таппайтынын Робот әйел ерлер қауымына қалай түсіндіреді"- деп жазды актриса Жұлдыз Абдукаримова.


Бұл Жұлдыздың кино әлеміндегі кезекті рөлі болмақ. Фильмде Жұлдыз танымал актер Қуандық Шәкіржановтың "махаббатының" рөлін сомдайды. 
Айта кетсек, "Робот әйел" фильмі өзбекстандық Шароф Бошбековтың "Темир хотун" пьесасы негізінде түсірілген. 1990 жылы өзбек тілінде түсірілген фильм көрермендердің сүйікті фильмдерінің біріне айналған. 
"Әлімжан атты қазақ роботехнигі робот ойлап табады. Ол әйел кейпінде. Оны сынақтан өткізу үшін ағасы Қошқарбайдың үйіне әкеледі. Қарапайым ауыл тұрғындарының күнделікті тіршілігі. Бір отбасындағы қызықты оқиғалар туралы болады",-дейді режиссер Бақытжан Жиеналы.


"Робот әйел" комедиялық фильмінің тұсаукесері 16 ақпанда барлық кинотеатрларынан көрсетілетін болады. Басты рөлдерде Жұлдыз Абдукаримова, Қуандық Шәкіржанов, Әбунасыр Серіков, Романи Рауан, Жакилина Гүлмира, Нұрбаева Самал.
Бұл режиссердің кино әлеміндегі екінші туындысы. Бұған дейін түсірген "Почти мачо" фильмі көрермендердің ыстық ықыласына бөленген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
6
dislike
0
love
0
funny
1
angry
0
sad
0
wow
0