Шымкенттік дәрігер Асхат Қойшыбекұлы Жақыбаев Асфексияның салдарынан жүрек жұмысы тоқтап, клиникалық өлім жағдайындағы сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды Turkistan Today otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Шымкент қаласындағы N2 ауруханасында болған. Жас ана аурухананың жснсақтау бөліміне келіп, өзінің нәрестесін аман алып қалуды өтінген.
Анасының айтуы бойынша, нәрестесі еміп жатып анасының сүтіне тұншығып, дем алмай қалған. Анасы баласын ауруханаға әкелгенде, жүрек соғысы нашарлап нәрестеде клиникалық өлім жағдайы тіркелген.
Жүрегі тоқтаған сәбиге сәтті реанимациялық көмекті 18 жыл жұмысы өтілі бар дәрігер көрсеткен.
Бүгінде баланың жағдайы жақсы.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.