"Өзінің кезекшілігінен тыс уақытта жанып жатқан үйден 2 адамның жанын аман алып қалған"-деп хабарлайды turkistan.today порталы ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қай уақытта болмасын құтқарушы мамандарының мәртебесі биік. Өйткені өзгенің өмірін сақтау үшін өз жанын салып қызымет етіп жүргеназаматтарымыз қандай мадаққа да лайықты. Елімізде 19 қазан – Құтқарушылар күні болып 1995 жылдан бері аталып өтуде. Осы мереке қарсаңында Шымкент қаласындағы №1 өрт сөндіру бөліміне бас сұғып, мамандарды кәсіби мерекесімен құтықтап қайттық. Қалалық №1 өрт сөздіру қызметінің жеке құрамы өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарымен айналысады. Бөлімде 97 адам жұмыс жасайды, олар 4 аусым кезекшілікпен күнделікті 20-22 құтқарушы тәулік бойы жұмыс істейді. Танғы 9-да жұмыс басталысымен олар тосын оқиғаны күтіп жатпай, күнделікті таңнан түске дейін оқу-жаттығу жұмыстарымен айналысып, теориялық алған білімдерін тәжібие жүзінде жаңартып отырады. «Бір күнде 10-ға жуық өрт шыққаны жөнінде хабар келеді. Ол хабарды алысымен тез арада қызметкерлер сақадай сайболып 1 минуттың ішінде өрт болған жерге аттанып кетеміз. Тездетіп оқиға орнына жеткен соң ең алдымен өрт ортасында қалып қойған адамдарды аман алып шығып, содан кейін ғана алапат өртті ауыздықтауға кірісеміз. Жанып жатқан жердің көлеміне қарай өрттің бетін кемінде 10-15 минутта қайтарып үлгереміз. Біздің қызметкерлер физикалық тұрғыдан ғана емес психологиялық жағынан да мықты. Себебі, өрт ортасында қалып қойған жандарды, аман алып шығып, оларға моральдық жағынан көмектесіп, қорқынышын басып, тынышталдырады», - дейді Шымкент қаласы №1 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық подполковник Сәбит Жомартұлы Тәшімбаев. Бұл саланың мамандары тек өрт сөндіруді қызметім деп қарамай, жұмыстан тыс уақытта да өздерінің азаматтық борыштарын абыроймен атқарып жүр. Оған дәлел - өзінің кезекшілігінен тыс уақытта жанып жатқан үйден 2 адамның жанын аман алып қалған Жакебаев Абзал Бақытжанұлы. Бұл бейбіт күннің батырына «Қазақстан Республикасының халық қаһарманы» деген наградаға ұсынылып, қазіргі таңда бұл жөнінде қысқа метражды фильмтүсірілуде. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін құтқарушылардың өмірі қашан да қауіпке толы. Соған қарамастан қандай қайғылы, қасіретті оқиға болмасын, бар күш жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген құтқарушылардың көмегі қарапайым халық үшін қашан да керек. 

Назерке Бимахан, ERNUR.KZ