Ташкентте ауыр атлетикадан халықаралық бірлік чемпионатының 102 салмақ дәрежесіне дейінгі ерлер арасындағы сайыс аяқталды, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл салмақта қазақстандық Илья Ильин жеңіске жетті. Ол екі сайыстың қорытындысы бойынша 355 (160+195) келіні көтерді.

Екінші орын Катардан келген Фарес Эльбахқа бұйырды – 353 (159+194) келі. Үздік үштікті жергілікті спортшы Омарбек Шохназаров еншіледі. Ол 341 (155+186) келіні көтере алды. 

Осының алдында Қазақстан құрамасы сапынан 61 келідегі Игорь Сон алтын медаль еншілеген болатын. 

Айта кетейік, Илья Ильин допингке байланысты екі жылдық дисквалификация мерзімін өтеп болған соң, алғаш рет халықаралық жарыста жеңіске жетіп отыр.