Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова өзінің жолдасы жайлы бұрын-соңды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті. Сүйіктісінің екінші әйелі болуға келіскен әртіс күйеуі үшін қандай тәуекелге барғанын жайып салды деп жазады "Мақпал мекен" бағдарламасына сілтеме жасаған turkistan.today

Қазақстандық шоу-бизнес өкілі өзінің өмірлік серігі жөнінде бар шындықты ашты.

Ол алғаш рет жолдасының бірінші отбасымен қандай қарым-қатынаста екенін жасырмай айтты.

"Ол менің алғашқы махаббатым. Бір көргеннен ғашық болдым. Бірақ ол кісінің өз жанұясы болды. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Алайда енді солай жолын Алла тағала алып келген сияқты." , - деді Гүлнұр Оразымбетова.

Екінші әйел болуға келіскен әнші елдің сынына қаларын анық білсе де, оған дайын болған.

Оразымбетова қандай жағдай болмасын сүйіктісі үшін нар тәуекелге баруды жөн санапты.

"Біздің отбасылық өмірімізде бәрі тамаша, керемет деп айта алмаймын. Басқа жанұялар сияқты өз қиындықтарымыз да бар" , - деп жасырмай айтты әнші.

Оған қоса, ол жұбайының бірінші отбасымен арадағы қарым-қатынасы жөнінде бар сырын ақтарды.

"Жолдасымның бірінші отбасынан күтілетін бір-ақ нәрсе, ол - кешірімділік. Дүние бүлініп, аспан жерге түсіп кеткен жоқ қой" , - деді Оразымбетова.

Айта кетейік, әншінің күйеуі Серікбай Нұрғисаев 2012 жылы мәжіліс депутаты болып тағайындалған.

Оған дейін президент әкімшілігінде қызмет еткен шенеунік "Құрмет" және "Парасат" орденінің иегері атаныпты.