Қанат Бозымбаев Түркістан облысындағы «Шағын өнеркесіптік парк» жобасын жоғары бағалады

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан Бүгін, 15:22

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Шағын өнеркесіптік парк» жобасы аясында салынған өндірістік паркті аралап көрді. Азық-түлік қоймасының жұмысымен танысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қанат Бозымбаев жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіп ашқан азаматтар өндірген өнімдердің көрмесін тамашалады. Көрмеде сүт, балық өнімдері, жеміс-жидек пен бақша өнімдерін консервілеу, жартылай фабрикат ет өнімдері, қазы-қарта, түйе сүті, Африка түйе құсы, өсімдік шаруашылылы, көкөніс, жылыжай салу, домбыра жасау, қобыз, қолөнер бұйымдарын шығару, пластик жәшік шығару, жұмыртқа лотогын шығару және өзге де жоба нәтижелері ұсынылды. Кәсіпкерлер вице-премьермен пікір алмасып, өзекті мәселелерді қозғады. Әсіресе, тауарды сертификаттаудағы қиындықтарды шешуге ықпал етуін сұрады. Сонымен бірге мемлекеттік қолдауларға алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, 2 жылда облысқа жоба шеңберінде 22,8 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде, 3 293 жоба қаржыландырылып, 3665 жаңа жұмыс орны ашылды.

Премьер-министрдің орынбасары өндірістік парктегі бірнеше кәсіпорынды аралап, жұмысын көрді. Атап айтқанда, «BNK GROUP» ЖСШ мен «Тұран су» мекемесінің су үнемдеу технологияларын шығаратын өндіріс орнында, «Ақниет Holding» жиһаз зауытында болды. Бүгінде «BNK GROUP» зауытында 40-қа жуық адам жұмыспен қамтылған. Жылына 50 мың гектар жаңбырлатып суғару және 14 мың гектарға тамшылатып суғару технологиясын өндіруге қауқарлы. «Тұран су» мекемесінің өндіріс орны былтыр ашылған. 25 адам жұмыспен қамтылған кәсіпорында су үнемдеу технологиялары өндіріледі. Ал жиһаз зауытында 80-нен астам жұмыс орны ашылған. Жылына 24 мың мектеп партасын, 17 мың кеңсе жиһазы, 17 мың медициналық жиһаз өндіре алады. 

Сонымен бірге «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС-нің тоңазытқыш және мұздатқыш құрылғыларын өндіретін зауытында болды. Украиналық инвестор – «UBC group» компаниясы ашқан бұл зауытта 350 жұмыс орны құрылған. Жылына 40 000 мұздатқыш құрылғы шығара алады. 

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында 30 гектар жерге 3 кезеңді қамтитын, 39 ғимараттан тұратын өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны 17 млрд. теңге болса, инвестиция көлемі 131 млрд. теңгені құрайды. 3 кезең бойынша жалпы 1450 жұмыс орны ашылады. 

Бірінші кезеңде 2024 жылы инвестиция көлемі 31 млрд. теңге құрайтын 10 ғимараттың құрылысы аяқталып, 8 өндіріс іске қосылды.  Екінші кезеңде 13 ғимараттың құрылысы жүргізілсе, үшінші кезеңде 16 ғимарат пайдалануға беріледі.

Келешекте өндірістік парк аумағын 100 гектарға кеңейтіп, 150-ден аса өндірістік ғимарат салу көзделіп отыр. Жоба аясында 308 млрд. теңге инвестиция тартылып, 6 мыңға  жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қанат Бозымбаев аймақта өндірісті дамыту бағытындағы жоспарлармен танысып, өңірде жүзеге асқан «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасын жоғары бағалады. Кәсіпорындар ашу, өндірісті дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.