Боран салдарынан жолда қалғандарға нан 1300 теңгеден сатылған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 7 ақпан, 2024

Ақтөбе облысында боран салдарынан жолда қалғандарға нан қымбат сатылыпты, деп Turkistan Today хабарлайжы El.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Самара - Шымкент тас жолының Хромтау қаласы мен Қобда ауылына дейінгі аумағында жүзге жуық көлік кептелісте қалды. Олар жолдың жабылуына байланысты бір жерде тұр. Осы кезді пайдаланған алыпсатарлар бір бөлке нанды 1300 теңгеден саудалаған. Бірақ аудан басшылары жолда қалғандарға қымбат баға ұсынған кімдер екенін сол күйі анықтай алмады.

Жол бойындағы дәмханалар мен демалыс орындары нан бағасын себепсіз көтермеген.

Ал Ақтөбеден шығар тұста Өзбекстан азаматтары мінген алты автобус боранда қарға батып қалған. Жолаушылар арасында он бала бар. Оларға қажетті ас-су мен дәрі дәрмек жеткізіліп, шетелдіктер сапарын жалғастырыпты.

346

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.