Депутаттардың игі ісі

Түркістан 23 тамыз, 2024

Мәслихат депутаттары Отырар ауданында тұратын көп балалы Әлімбековтар отбасына 4 бөлмелі үй сатып алып берді

«Қайырлы істің қайырымы мол» демекші, бүгін облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтың бастамасымен мәслихат депутаттары Отырар ауданында тұратын көп балалы Әлімбековтар отбасына 4 бөлмелі үйді сатып алып берді. Үйді арнайы  табыстауға облыстық  мәслихат депутаттары А.Салимов, Е.Хандиллаев және Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбай келіп, кілтті табыстады,-деп хабарлайды turkistan.today

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты А.Салимов сөз сөйлеп, үйлі болу – әр отбасы үшін үлкен мереке  екендігін айта келе, үй иелерін жаңа қонысымен құттықтады.

Айта кетсек, үйді алған Әлімбеков Ардақ Ермаханұлы жұбайымен 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы. Осы күнге дейін бұл отбасы туысының үйінде тұрған. Отағасы Ардақ Ермаханұлы сирек кездесетін дертпен ауырады.

Ол облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының жеке қабылдауында болып, денсаулығына байланысты шетелде емделуге квота беру және тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы өтінішін білдірген болатын.

Ардақ Ермаханұлының тілегін халық қалаулылары бірауыздан қабыл етіп, бір отбасыны қуантты. Әсіресе, бұл үй балалар үшін айрықша тарту болды. Өз кезегінде үй иелері халық қалаулыларына алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін білдірді.
 
 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.