Гендерлік саясат: Түркістан облысында әйелдер белсенді ме?

Түркістан 13 қыркүйек, 2025

Түркістан облысы соңғы жылдары гендерлік теңдік саласында маңызды қадамдар жасап, әйелдер мен ерлердің құқықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл өңірде әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, кәсіпкерлік саласындағы үлесі, білім беру мен саясаттағы рөлі артып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен өңірлік бастамалар арқылы гендерлік саясатты дамытуда Түркістан облысы еліміздің алдыңғы қатарындағы өңірлердің біріне айналды,- деп хабарлайды turkistan.today

Зульфия Жамалова, ет комбинатының өндіріс директорының міндетін атқарушы:

Бізде осы өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың барлығы осы ауыл, елді мекендерден. Тасымалдануы тегін. Барлығын компания қарастырған.

Жұмысшы мамандар – өз ісінің нағыз шеберлері, өндірістің қозғаушы күші. Нәпақасын маңдай тер, адал еңбектен тауып жүрген жандардың  ісі көпке үлгі.

Қазіргі таңда Түркістан облысы халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көпбалалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Облыста демографиялық өсу деңгейі жоғары дәрежеде. Биылғы жылдың 9 айында 30 мыңнан астам бала дүниеге келген. Соның ішінде егіздер саны – 345 болса, үшем – 7-еу. Ардақты аналар саны бойынша өңіріміз көшбасшылар қатарында. Өңірдегі аналар отбасыларды ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етуде. Әсіресе, кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда.

Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер әйел бар. Оның 68 мыңға жуығы қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31,9 %-ында іскер ханымдар басшылық жасап отыр.

«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» бойынша облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Жауапты өкілдердің сөзінше комиссияның мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарымен жыл басынан бері бірқатар ұйымдық іс-шаралар жүзег асырылды. Облыстың әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек көрсетіп келеді. Өңір бойынша шамамен 213 мыңнан аса кәсіпкер болса, оның 68 мыңға жуығы шағын және орта бизнеске басшылық ететін әйелдер қауымы. Статистикалық мәлімет бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің 31,9%-ынла әйелдер басшылық етеді. Демек, Түркістан өңірінде жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер әйел кәсіпкерлер. Ол әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» орталығы өткен жылы Түркістан қаласында ашылған болатын. Бұл орталықтың мақсаты – кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдай жасау. Қазіргі таңда орталыққа 2 мыңнан астам кәсіпкер әйелдер, кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер және бастауыш стартаперлер кеңес алу үшін жүгініп отыр. Бүгінгі таңда өңірде іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 1564-і немесе 27,3%-ы әйелдер. Оның ішінде, 249-ы немесе 15%-ы басшылық лауазымдарды атқарады. Соның ішінде өңірде әйелдердің ең көп бөлігі білім беру мен денсаулық сақтау салаларында қызмет етеді.

Облыста отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасудың алдын ала бағытында түрлі жобалар ұайымдастырылуда. Атап айтсақ, «Отбасы бақыт мекені», «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Жас отбасындағы қақтығыстар», «Жанұя – бақыт тілегі», «Тәрби тал бесіктен басталады», «Ұлттық құндылық – отбасы тәрбиесінде», «Тәртіп-тәрбие бастауы», «Отбасы ең үлкен құндылық» тақырыптарында отбасыларға 10 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 500-ге жуық отбасы қамтылды. Соның аясында Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Түркістан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, Түркістан облысы әйелдерді қолдау үкіметтік емес ұйымдарының бірлескен жоспары бекітілген. Осы жоспар аясында комиссия тарапынан отбасылық-тұрмыстыұ қатынастар саласында әйелдер мен балалардың құқықтарын өорғау бойынша оң жұмыстар атқарылған. Комиссия зорлық-зомбылық көрген әйелдерге медициналық және психологиялық көмек көрсетеді. Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық кеңестермен бірлескен жұмыс атқарылуда. Комиссия мемлекеттік органдармен, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктерімен, «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ Түркістан облысының филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ және «Сенім-Ай» ҚБ-нің «Көмек» дағдарыс орталығымен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында жиі кездесу ұйымдастырылып, пікірі алмасады. Жәбір көрген қыз-келіншектерге көмек көрсетіліп, зорлық-зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер беріледі.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.