Құтқарушылар алматылықтарға үндеу жасады

Құтқарушылар алматылықтарға үндеу жасады

Алматыда қалың қар мен көктайғақ күтіледі. Құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 16 ақпанда қалада жауын-шашын күтіледі - жаңбыр, қар жауады. Көктайғақ болады, демалыс күндері одан әрі минус 20 градусқа дейін төмендейді.

"Электр желілерінің шамадан тыс жүктелуінен, электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, газ жабдықтарын, көмір пештерін және қолдан жасалған жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан тұрмыстық өрттердің шығу ықтималдығы артады. Мұндай немқұрайлық баспана мен денсаулықтан айыруы мүмкін", - деді құтқарушылар.

ТЖД ескертуі:

  • бірнеше құрылғыны бір розеткаға қосуға қатаң тыйым салынады;
  • желіге қосылған электр құрылғыларын ұзақ уақыт қараусыз қалдыруға болмайды;
  • электр шанышқысының немесе электр құрылғысының қатты қызуы немесе сымдардың зақымдалғаны анықталған жағдайда, оны дереу токтан ажыратыңыз.

Көмірқышқыл газынан уланған жағдайда құтқарушылар жеке сектор тұрғындарын пештің сызбасын тексеруге шақырады. Қажет болса, мұржаны күйеден тазалап, ондағы жарықтарды жабу керек екені айтылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0