«Мақпал «халық әртісі» емес». Мақпал Жүнісова Нағимаға неге ренжіді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 6 ақпан, 2024

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваға ренжіді, деп Turkistan Today хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Нағима Есқалиева 70 жас мерейтойын атап өтіп, өнердегі әріптестерінің басын қосқан болатын. Сөз алған Роза Рымбаева қазақ эстрадасында «халық әртісі» атанған үш әйел екенін айтып, оның біріншісі – Нағима, екіншісі Мақпал дегенде, туған күн иесі «Мақпал халық әртісі емес» деп жауап берді.

Бұл сөзден кейін Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідеге парақшасына:

Нағима әпше, ішіңіз күйсе тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін, – деп жазды.

Нағима Есқалиеваның сөзін қалжыңға балап, ренжімеуін сұраған желі қолданушыға:

Мен апамды жақсы білемін. Менен жасы үлкен ғой деп көрген жерде сәлем беремін. Маған Нағимадай әнші болу арман болған жоқ. Талай жерде «Сен «халық әртісін» менен ерте алып қойдың» деп айта береді. Ол үшін халықтың алдына көбірек шығып, қазақ әніне еңбек етсін! Менімен қалжыңдайтын менің досым емес, құрбым емес. Әуелі Зәкең өмірден озғанда да бір жылдан соң концертте көңіл айтқан, – деп жазды өнер иесі.

Оқырмандар жылы сөзін арнап, өнер иесіне қолдау білдіріп жатыр.

339

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.