Мекен-жайынан адасқан Түркиядан келген туристке полиция көмектесті

Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан 12 қыркүйек, 2024

Туристік полицияның жедел әрекетінің нәтижесінде шетелдік өзі аялдаған қонақ үйіне жеткізілді

Түркия елінен келген шетелдік Али есімді азамат Түркістан облысы полициясынан көмек сұрады,- деп хабарлайды turkistan.today

Оның айтуынша қонақ үйге орналасқан мекен-жайынан шығып, қыдырып, қайта оралар кезде таппай, адасып кеткен. Осылайша турист бірнеше сағаттай жүрген.

Туристік полициядағы сақшылар шетелдікпен түрікше тілдескен уақытта оның тіпті қонақ үйдің аты мен нақты орналасқан көше атауын да білмейтінін анықтады.

Осыдан соң полицейлер шетелдік азаматты қызметтік көлікке салып алып, көшелердегі қонақ үйлерді көрсетіп шықты.

Осылайша туристік полицияның жедел әрекетінің нәтижесінде шетелдік өзі аялдаған қонақ үйіне жеткізілді. Өз кезегінде турист Қазақстан полициясының оның ішінде Түркістан облысының туристік полициясының кішіпейілділігі мен қызметіне адалдығын айтып, алғысын жеткізді.
 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.