Ордабасы ауданында биыл 40 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 25 желтоқсан, 2024

Ордабасы ауданында 2024 жылдың 11 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 153,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  21,7 млрд теңгеге артқан. Бұл жайында Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Биыл Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 66,8 млрд теңгеге жетті. Ал, егістік көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 591 гектарға артып, 71 591 гектарға жеткен. Сонымен қатар, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 456 гектарға 162 жоба жүзеге асырылып, 19 560 тонна көкөніс және бақша өнімдері жиналды. Одан бөлек, ауданда 6 400 гектар жерге мақта дақылы егіліп, 21 120 тонна өнім алынды. Сонымен қатар, биыл ауданға жыл басынан бері 39,3 млрд теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 93,1 пайызға орындалды. Алдағы 2025 жылы инвестиция көлемін 53 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұдан өзге, алдағы уақытта инвестициялық құны 122,1 млрд теңгені құрайтын 949 жұмыс орнымен 12 жоба жүзеге асатын болады»,- деді аудан әкімі.

Аудан басшысының айтуынша, аймақтағы «Бадам» индустриалды аймағында инвестициялық құны 21 млрд 234 млн теңгені құрайтын 6 кәсіпорын орналасқан. Оның ішінде, 2024 жылы «RZN» газоблок бұйымдарын өндіру жобасы іске асқан болатын. 2025 жылы аталған аймақта инвестициялық құны 6 млрд 800 млн теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылмақ.

Айта кетейік, аудандағы 57 елді мекеннің 54-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Келер жылы қалған 3 елді мекен республикалық бюджет есебінен сапалы ауыз сумен 100% қамтылмақ. Сонымен қатар, бүгінде 57 елді мекеннің 27-і табиғи газбен қамтылып, жыл соңына дейін қосымша 8 елді мекенді газға қосу жоспарлануда. Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 61,4%-ға жетпек.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.