Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today
Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы «Жайлы мектеп» жобасын үйлестіру бойынша республикада көш бастап тұр. Жоба аясында өңірде 63 мектеп салу көзделген. Мәселен, Қазіргі таңда Сарыағаш ауданындағы Дербісек және Жаскешу елді мекендерінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық қос мектеп салынып жатыр. Осы ретте аудан әкімі Арман Абдуллаев мектеп ғимараттарының құрылыс алаңында болды.
Бүгінде Дербісек елді мекенінде салынып жатқан мектепке ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, бірінші қабаттағы сыныптарға жарық шамдар орнатылуда. Сонымен қатар, ғимарат аумағына абаттандыру және балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, Жаскешу елді мекеніндегі нысанға ішкі әрлеу, кәріз жүйесі және жылыту жүйесін тарту жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, мектептің сыртын қоршау жұмыстары қатар жүргізілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.