Серіктестер

Сирена неге соғылды?

Фото: «Қазақстан теміржолшысы»
Фото: «Қазақстан теміржолшысы»
Түркістан 6 желтоқсан, 2025

Жуырда Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесі ғимаратында апатты жағдайлар бойынша «Өрт кезіндегі әрекет. Барлық қызметкерлерді эвакуациялау» атты тақырыпта жаттығу өтті.

AtyrauPress тілшісінің хабарлауынша, қапталдас ғимараттан өрт шығып, ол темір жол мекемесі ғимараттарына қарай өршуі мүмкін деген болжаммен дабыл қағылып, сағат 11:00 де "Сирена" соғылды. «Қазақстан теміржолшысы» басылымының жазуынша, 11:02 белгі берілісімен барлық қызметкерлер ауладағы арнайы жиын орнына көшірілді.  Адамдарды эвакуциялау туралы "Бірыңғай құтқару қызметі 112 және "ТЖД кезекші бөліміне" де шұғыл хабарлама берілді. Азаматтық қоғаныс инженері жиналған қызметкерлерге "Сирена" дабылына назар аударып кері байланыс жасаудың маңызын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар айнала толған зауыттар, әр түрлі ғимараттар барын, олардың да техногенді сипаттағы төтенше жағдайға дайын болуы өте маңызды екендігін айтты.  Өрт пойызының мамандары оқиға орнына шұғыл жетіп, өртті сөндірді. Содан кейін қызметкерлер еңбек орындарына қайта барды.  

«Тілсіз жаудың қашан, қайдан келіп қалғанын білмей қалатын жағдайлар көп кездеседі. Әсіресе ондаған адам отырған ғимаратта өрт шыққан не басқа бір төтенше жағдай орын алған кезде қызметкерлер қалай әрекет етуі керек, ондайда өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтау үшін не істемек керек? Ол үшін әрине оқу-жаттығу жұмыстары жиі жүріп тұрғаны абзал. Осы мақсатта өткен шараға барлық қызметкерлер қатыстырылды. Бұл адам өмірі мен қауіпсіздік үшін қажетті жаттығу болды», - дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс инженері Нұрлан Сұлтанғалиев.  

Эвакуациялау жаттығуына ғимараттағы Атырау жүк тасымалы бөлімшесінен 53 адам, магистралдық желі бөлішесінен 60 адам, «ҚазТемірТранс» мекемесінен 5 адам қатысты.  

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.