Созақ ауданында “Жайлы мектеп” жобасымен 900 орындық білім ордасы бой көтеруде

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан Бүгін, 11:07

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында орта білім беру жүйесінің маңыздылығына тоқталып, «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатқанын тілге тиек еткен болатын. Бүгінгі таңда ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, республикамыздың түкпір-түкпірінде жаңа білім беру нысандарының құрылысы жүргізілуде,- деп хабарлайды turkistan.today


Мәселен, Созақ ауданының орталығы Шолаққорған елді мекенінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық мектеп салынуда. Су жаңа білім ордасына ағартушы, педогог Ыбырай Алтынсарин аты берілген. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жалпы орта мектебінің құрылыс алаңында болып, мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, білім ордасының құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының ішкі және сыртқы жұмыстарының қарқыны арта түскен. Ғимараттың сыртқы келбеті сәнді әрі заманауи сипатқа ие болуда. Сонымен қатар, құрылыс аймағында абаттандыру жұмыстары да қоса жүргізіліп, аумағына асфальт жабындысы төселіп, көлік тұрақтары ретке келтірілуде.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.